«Қазақстан тарихы пәнінен қорытынды аттестаттауға дайындық жолдары» тақырыбында Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығы базасында онлайн режимі бойынша (тарих пәні мұғалімдеріне арналған) облыстық семинар өтті. Жалпы орта білім беру ұйымдарынан 116 мектеп қосылып, тарих пәні мұғалімдері қатысты.
Семинардың мақсаты - 11 сынып оқушыларын Қазақстан тарихы пәнінен қорытынды аттестаттауға дайындаудың тиімді жолдарын ұсыну.
Талдықорған қаласынан Г.Баянбаева, Іле ауданынан Г.Казербаева Қапшағай қаласынан Д. Штанько өзара тәжірибелерімен бөлісіп, облыстық әдістемелік кабинеттің алғыс хатымен марапатталды.