Бөлім басшысы – Молдосбаева Асель Маратовна
Өмірбаян
Молдосбаева Асель Маратовна 22.04.1980 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қызыл жар ауылында дүниеге келген. 1997 жылы О.Жандосов атындағы орта мектепті бітірді. Сол жылы Д.А.Қонаев атындағы университетіне оқуға түсіп 2006 жылы заңгер мамандығын алды. 2008 жылы Еңбекшіқазақ аудандық сотының бас маманы сот мәжілісінің хатшысы қызметіне тағайындалды. 2009 жылы Еңбекшіқазақ ауданының «Әділет» басқармасының жетекші маманы болып жұмыс атқарды. 2015 жылы өз еркімен жұмыстан босатылып, аудандық білім бөліміне балалар құқығын қорғау секторының меңгерушісі қызметіне тағайындалды.