ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ
ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ
Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің
2017 жылға арналған
жұмыс жоспары
Есік қаласы
2017 жыл
Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің алқа мәжілісінің
ШЕШІМІ
Есік қаласы 29 желтоқсан 2017 жыл
Еңбекшіқазақ аудандық білім
бөлімінің жылдық жоспарын
бекіту туралы
Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің 2017 жылға арналған жылдық жоспарын тыңдай,талқылай келе, алқа кеңесі шешім қабылдады:
1. 2017 жылға арналған аудандық білім бөлімінің жылдық жоспары бекітілсін.
2. Белгіленген іс-шараларды орындау аудандық білім бөлімінің қызметкерлері мен аудандық білім беру ұйымдарының басшыларына міндеттелсін.
3. Аудандық білім беру ұйымдары педагогикалық ұжымдарының білім беру үрдісі білім мазмұнын жаңарту бағдарлмасының аясында мемлекеттік білім стандартын орындауға,оқушылардың білім сапасын арттыруға және функционалды сауаттылығы жоғары жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Аудандық білім бөлімі
коллегиясының төрағасы,
бөлім басшысының м.а А. Молдосбаева
Мазмұны:
1. Еңбекшіқазақ аудандық білім беру мекемелеріндегі көрсеткіштер мен жұмыстар туралы талдауы және 2017 жылға қабылданған міндеттер.
2. Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің 2017 жылға арналған жұмыс істеу циклограммасы.
3. Білім бөлімі қызметкерлерінің лауазымды міндеттері.
4. Алқа кеңесінде қаралатын мәселелер
5. 2017 жылға арналған аудандық білім бөлімінің жоспары.
5.1 – бөлім. «Қазақстан 2050» стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыру.
5.2 – бөлім. Балалардың денсаулығы мен салауатты өмір сүруін қамтамасыз ету, жалпыға бірдей білім берумен қамту.
5.3 – бөлім. Балалардың құқығын қорғау.
5.4 – бөлім. Нұсқаулық кеңестер, семинар, практикумдар.
5.5 – бөлім. Бұқаралық іс – шараларды ұйымдастыру.
5.6 – бөлім. Аудандық білім бөлімінің тексеру қызметі.
5.7 – бөлім. Аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің қызметкерлерінің, мектеп басшылары мен педагог қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін көтеру. Әдістемелік көмек және зерделеу іс-шаралары.
5.8 - бөлім Бақылау, тексеру, зерделеу
6. Аудандағы білім беру ұйымдарының қызметкерлерінің тамыз кеңесі.
7. Нормативтік – құқықтық құжаттарды басшылыққа алу.
9. Аттестациядан және тақырыптық тексеруден өтетін мектептер тізімі
Ауданда 84 жалпы білім беретін, 5 оқу-өндірістік комбинат, 2 қосымша білім беру орталығы, 43балабақша, 34 шағын орталық бар. Ағымдағы оқу жылында 45424 оқушы білім алуда.
Бүгінгі күні мемлекет тарапынан сапалы білім беруге барлық жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалып отыр. Оған дәлел ауданымыздың білім саласын қаржыландырудың соңғы жылдарын еселеп артқаны. Мысалы, 2012 жылдары- 6 986 626 (алты милилард тоғыз жүз сексен алты миллион алты жүз жиырма алты мың) теңге, 2014 жылы – 8 927 291 000 (сегіз миллиард тоғыз жүз жиырма жеті миллион екі жүз тоқсан бір мың) теңге, ал 2016 жылы – 12 520 663 000 (он екі миллиард бес жүз жиырма миллион алты жүз алпыс үш мың) теңгені құрап отыр.
Сапалы білім беруде қажетті болып табылатын заманауи құралдармен мектептердің жабдықталуы жыл өткен сайын саны мен оған бөлінетін қаражат та еселеніп бөлініп, игерілуде.
Білім саласын жаңғырту барысында оқулықтардың мазмұны да уақыт үдерісінің талаптарына сай төрт жыл сайын ауысып, оқушыларымыз толықтай қамтылуда.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” Жолдауында апатты және үш ауысымда оқытатын мектептер мәселелерін шешуді бірінші кезекке қоюына орай аудандағы үш ауысымда оқытатын Азат, Бөлек ауылындағы М.Горький атындағы орта мектебіндегі орын тапшылығы, Есік қаласында орналасқан мектептердің, сонымен қатар Бәйтерек ауылындағы әл-Фараби орта мектептерінің қордаланған мәселелері жаңа ғимараттар салыну арқылы шешілуде.
Әсіресе, соңғы төрт жылда 8 жаңа мектеп, 2 балабақша салынып, 8 балабақша, 12 мектептің күрделі жөндеуден өтті, білім мекемелерінің материалдық – техникалық базасы нығайды. Мектепке дейінгі ұйымдар демографиялық жағдайды ескере отырып, халықтың сұранысын қанағаттандыруға бағытталған сандық, сондай-ақ сапалық жағынан да дамып келе жатыр. «Балапан» бағдарламасы аясында ауданымызда 43 балабақша, 34 шағын орталықтар жұмыс істеп, қазіргі таңда 41577 баланы қамтып, болашақ ұрпақ тәрбиесіне көптеген жағдайлар жасалуда.
Ағымдағы жылы мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие берудің жаңа стандарты қолданысқа енеді. Сондықтан жаңартылған білім мазмұны бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда баланы бағдарламаға сәйкес сабақтастық негізінде оқыту - балабақша қызметкерлерінің басты міндеті болуы шарт.
Жаңартылған мазмұн бойынша мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылған 3-6 жастағы мектеп жасына дейінгі балаларды білім беру ортасына қосу дәлірек айтқанда, балабақшаларда мектеп алды даярлық тобын ашу өзекті мәселе болып отыр. Оларды тәрбиелеу және оқыту үшін жағдай жасаған ұйымдардың үлесі бар болғаны аудан бойынша 1%-ды құрайды.
Сондай-ақ, тұрмыс деңгейі төмен немесе жұмыссыз отбасындағы балалардың мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылмауы-заман талабына сай білім көшіне ілесуіне, сапалы білім алуына келтіретін кедергінің бірі. Осындай әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына ата-ананың төлейтін жарнасы азық-түлікті тасымалдаушы кәсіпкерлер есебінен болса да 50 пайызға жеңілдік қарастырылса мәселенің шешіміне септігін тигізер еді.
Қазақстанда мектептегі білім беру жаңа кезеңнің алдында тұр. Мектепте білім берудің жаңартылған мазмұнына кезең-кезеңімен көшу үшін база дайындалды. Білім мазмұнын жаңғырту барысындағы басты мақсат «Мәңгілік ел» идеясын, Үш тілді оқыту, қосымша білім беруді сабақтастыра отырып, оқушы бойына сіңіру болып табылады.
Жаңа интеграцияланған білім беру бағдарламасы балалардың білімі мен біліктілігін нақты практикада қолдана білу қабілеттерін дамытуға бағытталған. Республика бойынша 30 пилоттық мектепте жаңартылған оқу бағдарламалары сынақтан өткізілуде. Соның бірі біздің ауданымыздағы В.Терешкова атындағы орта мектепте жүргізілуде. Үш тілде білім беруді дамыту бойынша кең ауқымды іс-қимыл жүргізу үшін 2015–2020 жылдарға арналған жол картасы әзірленді. Осы шараны жүзеге асыру барысында биылғы жаз мезгілінде 5-11-сынып оқушылары үшін Есік қаласындағы қазақ- түрік лицейінің базасында кең ауқымдағы әр мектептің базасында жазғы тіл мектебі ұйымдастырылды. Десек те, ағылшын тілін білетін пән мұғалімдеріне қажеттілік жоғары болып қалуда. Білім беруді дамыту бағдарламасы бойынша ағылшын тілін жаратылыстану пәндерінде қолдану алгоритмдік, дәлірек айтқанда, бастапқы дайындық кезеңін оқу үрдісіне енгізуі керек болатын. Алайда, пән мұғалімдері негізгі түсініктерді аударма сөзбен қатар беру талаптарын орындамай келеді. Бұл мекеме басшылары мен ұстаздардың білім саласындағы жаңару өзгерістеріне салғырттықпен қарауы деп түсінемін. Алдағы оқу жылында осы мәселе аудандық білім бөлімі тарапынан қатаң бақылауға алынып, кемшіліктерді жою жұмыстарын дұрыс жолға қоюымыз қажет. Жеке тұлғаның шығармашылығын дамытуда қосымша білім беру және балалардың сабақтан тыс уақыттағы әрекетін ұйымдастыру үшін жағдайлар жасалудың маңызы зор. Ауданымызда мектептен тыс ұйымдарда және мектеп үйірмелерінде балаларды қамту үлесі 50%-ды құрайды. Оның 47 пайызы мектептердегі мемлекеттік стандарт көлемінде берілетін вариативті сағаттар есебінен жүргізілетін үйірмелерге тартылған. Ал ауданымызда мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының аз болуына байланысты, заманауи үйірмелер яғни робот техникасы, IT-алаңдар, жас туристер мен жас натуралистер сынды желілер жеткіліксіз болғандықтан, білім беру ұйымдары мен балалардың қоғамдық бірлестіктерінің тәрбиелік әлеуметінің тиімділігі төмен болып, мемлекеттік бағдарламаның толыққанды жүзеге асырылуына мүмкіндік болмай отыр. Қазіргі таңдағы еліміздегі өзгерістер тұрақты дамудың жаңа стратегиялық бағыттары және қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы, қарқындылығы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.
Осыған байланысты, білім беруді жаңарту педагогтардың жауапкершілікті түсінуі мен олардың кәсіби деңгейіне және білім беру үдерісіндегі көптеген мәселелерді шешуге қосқан үлесіне байланысты., Қазақстан Республикасының әлемдік білім беру кеңістігіне енуі, педагогтар қауымынан кәсіби міндеттер мен оны жүзеге асыруда жаңаша көзқарасты яғни инновациялық қызметті талап етеді. Бүгінгі күні білім саласындағы жаңғыртудың басты кілті болып табылатын деңгейлік бағдарламалар аясында ауданның 533 мұғалімі курстан өткізіліп, осы мұғалімдердің жалақысы 30 пайыздан 100 пайызға дейін көтерілді. Сонымен қатар, интеграциялау бойынша пән мұғалімдеріне арналған курстар ұйымдастырылып 760 педагог сертификатталды. Аталған курстардың ұйымдастырылуы мұғалімнің мансаптық және кәсіби өсуіне зор ықпал етті деп сеніммен айта аламын. Сөзімнің дәйегі ретінде, біздің ұстаздарымыздың онлайн конференцияларға облыстық, республикалық, халықаралық конкурстар мен байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленуін айтуға болады. Атап айтсам Сәтпаев атындағы орта мектептің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі республикалық конференцияда бас жүлдемен және облыстық «Үздік педагог» байқауында шығармашыл ұстаз номинациясымен марапатталды. Абылай хан орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі облыстық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» байқауынан бас жүлдемен марапатталып, республикалық байқауға жолдама алды. Шелек ауылындағы Уәлиханов атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі облыстық байқаудан ІІІ орынды иеленді. Облыстық «Үздік ауыл мектебі» байқауында Мақатаев атындағы орта мектептің ұжымы жүлделі ІІІ орынмен марапатталды. Республикалық ғылыми – тәжірибелік конференцияға қатысып әл – Фараби, И.Саттаров атындағы орта мектебінің мұғалімдері ІІ орынға қол жеткізді. Балалар мен жасөспірімдер туристік және экскурсия орталығының ұжымы облыстық «Қосымша білім беру үздігі» байқауы мен «Гүдене бер Қазақстан» атты байқаудан ІІІ орынды, Республикалық «Үздік алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы -2016» байқауынан Ы.Алтынсарин орта мектебінің мұғалімі ІІ орынды иеленді. Өткен жылы жоғарғы оқу орындарын бітірген 42 жас маманды жұмысқа қабылдадық. Солардың ішінен Балтабай орта мектебінің жас маманы облыстық жас математиктер байқауында ІІ орынмен марапатталды. Оқушылардың орта мектептен алған білімдерін сынға салып, саралайтын негізгі сынақ-Ұлттық Бірыңғай Тестілеудің қорытындысына тоқталар болсам, 2015-2016 оқу жылында аудан бойынша жалпы орта мектепті бітірген 1564 оқушының қазақ тілінде 889-ы, орыс тілінде 537–і, 138-і ұйғыр тілінде білім алды. 865 оқушы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш білдірген. Бұл барлық орта мектеп бітірушілердің 54,5 пайызын құрайды. 15 түлек Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы бойынша халықаралық ғылыми жоба және олимпиада жеңімпазы ретінде ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылды.
674 түлек мектеп қабырғасында дәстүрлі мемлекеттік емтихан тапсырды. Ұйғыр тілінде білім алған 138 түлектің 11 –і ғана ҰБТ –ге қатысты, бұл ұйғыр тілінде білім алған барлық түлектің 7,8 пайызы.
ҰБТ қорытындысы бойынша аудан мектептерінің жалпы орта балы 82,0 болып, өткен жылмен салыстырғанда (79,5) 2,5 балға көтерілді. Ал соңғы бес жылдық көрсеткішке көз жүгіртсек, 2012 жылы- 69,5, 2013 жылы -73,0, 2014 жылы -76,5, 2015 жылы- 79,5, 2016 жылы 82,0 болып, 2012 жылмен салыстырғанда 12,5 балға көтерілген. Қонаев, Сатпаев, Жандосов(Е), Уалиханов (Е), Көктөбе, Талдыбұлақ, Райымбек, Ломоносов, Қаратұрық орта мектептердің орта балы 90 - нан асып ерекшеленді. 28 мектеп 80,2-89,8; 28 мектеп 70,0-79,0; аралығында орта балл жинаса, Ш.Уалиханов о/м - орта балы 66,2 және Ақтоған орта мектебінің -орта балы 58,4 болып, соңғы орынды иеленді. Бұл көрсеткіш аталған мектептерде білім деңгейінің өте төмен екендігі және оқу –тәрбие үрдісінің жүйесіздігі, басшылық пен бақылаудың дұрыс жүргізілмейтіндігінің айғағы.
Ең жоғарғы балл жинаған Абылай хан атындағы орта мектебінің оқушысы Борсықбаева Алия-122 балл, ең төменгі 34 жинаған - Рахат ом оқушысы.
Аудан мектептерінде оқушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу деңгейінің жыл сайын төмендеуі жағымсыз дәстүрге айналып бара жатқанын айта кеткен жөн. Мысалы аудан бойынша 2012 жылы 1170 (63 %), 2013 жылы 972 (53%), 2014 жылы 894 (49,6%) 2015 жылы 51,0 пайыз. Ағымдағы жылы 846 - 55,4 пайыз болып 3,4 пайызға көтерілген десек те, бұл біздің аудан үшін төмен көрсеткіш. Бұл сын жыл сайын айтылып жатса да, айтылған сыннан нәтиже төмен. Кей мектептерде бітіруші 5-6 түлектің 1-і ғана қатысуы сын көтермейтін жағдай.
Сонымен қатар 12 түлек «қанағаттанарлықсыз» баға алды.
Әр жыл сайын үкілеп, үміт артып 11 жыл бойы озат оқушы болған түлектерімізді «Алтын белгі» белгісіне үміткерлікке ұсынамыз. Биыл да 31 түлегіміз үміткер болып оның 16-ы ғана өз білімін дәлелдеді, олар Терешкова – 1-і, Сатпаев 1-і, , КТЛ -1-і, Абылайхан орта мектептебінің 5 үміткерінің 4-і, Тоқатаев-1-і, Көктөбе, Жандосов(Е), әл-Фараби, А.Саттаров, Балтабай, Жексенбеков, Садыр, Рысқұлов атындағы мектеп түлектері. Бұл үміткерлердің 51,0%-ы. Абылайхан -2, Сатпаев -1, Райымбек-2, Терешкова -1, Қонаев-2, Садыр-3, Бижанов-4, Жексенбеков-1, Байтұрсынов-1, Мухаммадий -1, Тоқатаев -2 орта мектептерінің үміткерлері білімдерін дәлелдей алмады. Бұл әлі де болса, көтеріңкі баға қоюдың айғағы. 8 үміткерге 1 балдан жетпеді. Үздік аттестатқа үміткер 10 оқушының 2-і ғана ҚТЛ мен Сатпаев атындағы орта мектептің оқушылары дәлелдеді. Десек те, жылдан-жылға ҰБТ-ге қатысқан мектеп бітіруші түлектеріміздің білім деңгейі көтеріліп, қойылған талапқа ұстаздар мен оқушылардың жауапкершіліктері артуда. Орта балы 80 - 90 нан жоғары көрсеткен мектептеріміздің саны артып, екілік алған түлектер саны кеміді. Жалпы мектеп бітіруші 90 түлек үздік бітіріп, білім сапасы 42 пайызды құрады.
Соңғы үш жылғы көрсеткішті салыстырар болсақ:
Аудан бойынша мектептердің орташа балы |
|||||
.№ |
мектеп |
2013 жыл |
2014 жыл |
2015 |
2016 |
1 |
Таиров |
69,3 |
95 |
94 |
87 |
2 |
Ломоносов |
73,3 |
93,9 |
83 |
90,7 |
3 |
Қонаев |
87,5 |
93,3 |
91 |
96,2 |
4 |
Сәтпаев |
89,3 |
91,3 |
88 |
96,1 |
5 |
Райымбек |
79,0 |
89,3 |
81 |
92,1 |
6 |
Талдыбүлак |
- |
89 |
92 |
92,2 |
7 |
Төле би |
59,4 |
87,2 |
82 |
86,4 |
8 |
Байтұрсынов |
73 |
87 |
74,2 |
82,7 |
9 |
КТЛ |
82,6 |
86,3 |
84 |
88,6 |
10 |
Бижанов |
86,1 |
86 |
84 |
86,7 |
11 |
Жандосов Е |
84,7 |
85,1 |
88 |
94,7 |
12 |
Садыр |
83,9 |
84,5 |
81,7 |
89,8 |
13 |
Рахат |
78,4 |
84,2 |
81 |
79,9 |
14 |
гимназия |
79,6 |
83,5 |
75,1 |
73,6 |
15 |
Терешкова |
80,8 |
83,3 |
85,8 |
89,7 |
16 |
Горький |
75,7 |
81,6 |
87 |
84,1 |
17 |
Уалиханов Е |
88,4 |
80,7 |
92 |
93,7 |
18 |
Розыбакиев |
65,6 |
80,6 |
79 |
84 |
19 |
Түрген |
72,7 |
79,8 |
74 |
82 |
20 |
Корам |
71,7 |
79,6 |
78,2 |
83,7 |
21 |
Абдуллин |
62,2 |
79,3 |
78,1 |
77 |
22 |
Көктөбе |
75,6 |
79,3 |
81,7 |
92,5 |
23 |
Абылай хан |
77,8 |
78,9 |
80,9 |
86,5 |
24 |
Ақши |
67,3 |
78,2 |
80,1 |
88,6 |
25 |
Қаратұрык |
95,1 |
77,8 |
87,0 |
90,2 |
26 |
Абай Е |
77,4 |
77 |
84,5 |
|
27 |
Қабылова |
76,6 |
77 |
85 |
78,9 |
28 |
Токатаева |
70,3 |
76,9 |
77,7 |
79,5 |
29 |
Әуезов |
72,9 |
76,8 |
66 |
82,9 |
30 |
Мақатаева |
75,5 |
76,1 |
73,6 |
78,3 |
31 |
Островский |
74,1 |
75,7 |
82 |
71,4 |
32 |
А.Саттаров |
63,4 |
75,6 |
73 |
75,1 |
33 |
Кенжебаев |
67,7 |
75,3 |
73 |
85,1 |
34 |
Масак |
69,5 |
75,2 |
86 |
83,4 |
35 |
Бубенцов |
59,8 |
75,1 |
78 |
81,3 |
36 |
Көлді |
66,0 |
75 |
82 |
81,6 |
37 |
Рыскулов |
81,4 |
74,3 |
76,2 |
78,2 |
38 |
Алтынсарин Ш |
81,3 |
73,9 |
86,5 |
82,1 |
39 |
Жансүгіров |
78,7 |
73,8 |
71,4 |
78,2 |
40 |
И.Саттаров |
80,0 |
73 |
73,5 |
74,5 |
41 |
Вихрев |
62,2 |
73 |
73,4 |
80,5 |
42 |
Енбек |
76,7 |
72,8 |
73,8 |
75,9 |
43 |
Шорманов |
73 |
72,4 |
81,9 |
84,8 |
44 |
Әль-Фараби |
65,3 |
72,3 |
80 |
77,4 |
45 |
Толкын |
80,8 |
72,3 |
79 |
75,4 |
46 |
Қойшыбек |
76,3 |
71,6 |
79,8 |
81,7 |
47 |
Молдагұлова |
74,7 |
71,5 |
72,5 |
78,1 |
48 |
Орымбетов |
68,1 |
71,1 |
75,2 |
75,9 |
49 |
Қайыпова |
67,0 |
71 |
76,5 |
78,2 |
50 |
Мухамадий |
74,4 |
70,4 |
83,7 |
81,6 |
51 |
Таусүгүр |
66,8 |
70,4 |
80,0 |
77,7 |
52 |
Жамбыл |
66,2 |
70 |
74,2 |
75,9 |
53 |
Балтабай |
69,9 |
68,6 |
74,4 |
80,8 |
54 |
Аубакиров |
57,7 |
67,8 |
78,3 |
85,6 |
55 |
Момышұлы |
76,0 |
65,9 |
73,3 |
82,9 |
56 |
Майлин |
62,8 |
65 |
87,0 |
83,8 |
57 |
Сарыбұлак |
67,6 |
65 |
77 |
84,6 |
58 |
Алтынсарин Е |
76,2 |
64,5 |
Copyright © 2017, Отдел образования Енбекшиказахского района Алматинской области |