Қазақша  Русский  
Отдел образования акимата  <br>
Енбекшиказахского района <br>
Алматинской области
Отдел образования акимата
Енбекшиказахского района
Алматинской области

Государственные символы Республики Казахстан
eye 
Фото из галереи

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша  2016 жылдың  1 тамызынан 30 қыркүйек аралығында  өткізілетін «Мектепке жол»  республикалық акциясының жүргізілуі туралы ақпарат.

 

       2016 ж.1 тамыздан 30 қыркүйек аралығындағы дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен басталды.

  Акцияға байланысты іс-шара жоспары жасалып, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен Түрген ауылындағы А.Жексембеков атындағы орта мектебінде семинар өтіліп, акцияны жан-жақты өткізу туралы талқыланып, тапсырмалар берілді.

       Білім мекемелері тарапынан ірі өндірістік компаниялар мен ұйымдарды аталған акцияға қатысып, атсалысуға жұмылдыру, оқушыларды мектепке баруға дайындауға көмек көрсету туралы хаттар жолданды.

       0-ден 18 жасқа дейінгі балалардың контингентін нақтылау, оқудан жалтарған балалар мен жасөпірімдерді анықтау және оларды мектепке қайтару барысында жұмыстар қолға алынды.

        Азаматтардың өтініштері бойынша жедел шара қолдану үшін «Шұғыл желінің», сенім телефондарының, білім ұйымдарындағы қоғамдық қабылдаулардың үздіксіз жұмыс істеуі ұйымдастырылып, түскен қоңыраулар бойынша жауаптар беріліп, тиісті көмектер көрсетілуде.

        Аудандық ішкі істер басқармасымен бірлесіп, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылыққа, бұзақылыққа жол мермеу мақсатында, жасөспірдердің көп болатын жерлерін, көлік бекеттері, жертөлелер, салынып бітпеген ғимараттар, кафе-барлар,компьютерлік клубтар, би орындарына рейдтер жүргізілді. 1160 пәтерлерге, аулаларға  рейд жасалды, 2370  мұғалімдер қамтылды.

       «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 09 шілдедегі № 591-11 Заңының және  Алматы облысы бойынша  өңірлік бағдарламасын басшылыққа ала отырып, жұмыс жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылуда.

Жоспарға сәйкес аудандық білім бөліміне қарасты барлық мектептерде түнгі рейдтер  жүргізіліп отырылады. Мұғалімдер ұжымы, ата-аналар қоғамдастығы, құқық қорғау ұйымдары қызметкерлерімен бірлесіп, оқушылардың түнгі мезгілде өз беттерінше жүрмей, ата-аналарымен бірге болуы, мектептердің шағын аудандарын аралау және оқумен қамтамасыз етілмеген  балалар мен жасөспірімдерді анықтау, көмекті қажет ететін отбасы балалары бойынша тексерулер ұйымдастырылуда.

I.Рейдтер саяжайларға, базарларға, сәтсіз отбасыларының үйлеріне, жертөлелерге, көлік жуатын жерлерге, жанар май бекетіне, жолаушылар тасымалдайтын бекеттерге, көңіл көтеретін орындарға және компьютерлік клубтарға жүргізілуде. Рейд кезінде балалар еңбегін пайдалану  фактісі кездескен жоқ, алайда  түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүру фактісі бойынша 10 жасөспірім ұсталып, олардың ата-аналарына  ҚР ӘҚБК 442-бабы, 2-бөлімі бойынша ескерту жасалды.

     Аталған факт бойынша оқушылардың ата-аналарымен  насихат жұмыстары жүргізіліп, кәмелет жасына толмаған балалар түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрмеу, ата-аналарына өз міндеттерін толық орындап, балаларының тәрбиесіне аса мән беру керектігі түсіндірілді, балалар еңбегін пайдалану фактісінің орын алмауы бақылануда.

          II.Бәйдібек би ауылы Т.Аубакиров атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы 10.05.2001 ж.т. Нұржаубай Азамат Алмасұлы өз үйінде туған қарындасы 05.08.2007 ж.т. Нұржаубай Еркежан Алмасқызын зорлап, жыныстық әрекет жасаған. Осы қылмыстан кейін үйінен шығып, белгісіз жаққа қашып кетіп табылмай отыр. Аталған қылмыс бойынша кәмелеттік жасқа толмаған Нұржаубай Азамат Алмасұлына қатысты  Еңбекшіқазақ АІІБ-ы бойынша 12.07.2016 ж. бастап ҚР ҚК-нің 120 бабының 4 тармағына сай №161940031002601 санды қылмыстық іс  қозғалды. Бұған дейін Нұржаубай Азамат Алматы қаласындағы девиантты мінез құлықты балаларға арналған мектеп интернатында 1 жыл мерзімде болып келген болатын.

        Полиция қызметкерлері және мектеп әкімшілігі тарапынан  жаппай іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Нуржаубай Азамат Алмасұлы ұсталынып, Еңбекшіқазақ ауданының ішкі істер басқармасында қамауға алынды.Тергеу бөлімінде іс қозғалып, сотқа берілетін болады.

          III.23.06.2016 ж. белгісіз ана жаңадан туылған қызды Есік қаласындағы орталық аурухананың жанына тастап кеткен. Жан-жақты іздестіріп, анықтау жұмыстары бойынша қыздың  шешесі 18.09.1982 ж.т. Тлеубекова Жанар Даулетовна екендігі анықталып және Ж.Тлеубекованың қызынан бас тартуына байланысты  Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің  01.08.2016 ж.№761 Қаулысы негізінде Шелек ауылындағы сәбилер үйіне орналастырылды.

         «Мектепке жол» республикалық акциясына қатысты жұмыстар жалғасын табуда.

         IV.Аудан бойынша әлеуметтік аз қамтылған оқушылар саны -3358. Ауданда Қырбалтабай ауылындағы Алтынсарин атындағы орта мектебі жанында және Шелек  ауылындағы Абай атындағы орта мектебі жанындағы интернаттарда әлеуметтік аз қамтылған отбасынан  240 балалар тәрбиеленуде. Нұра ауылындағы О.Жандосов атындағы орта мектебі жанынан  75 орындық мектеп жанындағы интернатты 2016 жылдың 10 қазанына  ашу жоспарланып отыр.

         Бүгінгі күнде осы аталған интернаттарға орналасатын әлеуметтік аз қамтылған және сәтсіз отбасы балалары  тізімі жасалып, тұрмыс жағдайлары зерттеліп, жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ,  мектебі жоқ елді мекендегі, мал шаруашылығымен  айналысып шетте жүрген ата-аналардың балаларын оқыту, оларға көмектер көрсету қолға алынды.

        Барлық ауылдардағы көрнекі жерлерге «Мектепке жол» республикалық акциясын насихаттау мақсатында баннерлер ілінді, мектептерде стенд жасалды.

       2016 жылдың 01 тамызынан бастап бүгінге дейін 1745 оқушыға 19 млн. 555 мың теңгеге ұстаздар қауымының, түрлі демеушілердің т.б. көмектер көрсетіліп, киім –кешектер, оқуға қажетті  құрал-жабдықтар алып берілді.

      «Мектепке жол» республикалық акциясы жалғасын табуда.  

 

Copyright © 2017, Отдел образования Енбекшиказахского района Алматинской области
 

Вход