Русский   Қазақша
Регистрация
» » «Елбасы медалі» иегерлері марапатталды

«Елбасы медалі» иегерлері марапатталды

20-03-2021, 16:10
«Елбасы медалі» иегерлері марапатталды
Бүгін ауданымызда «Елбасы медалі» жобасының жеңімпаздары марапатталды. Алты  ай бойы өзін-өзі дамытумен айналысқан жастар арасында бесекеге түскен 6 түлегіміз топ жарып «Елбасы медалі» иегері атанды.
Өңіріміздің даңқын республика деңгейінде асқақтатқан дарынды түлектерімізді марапаттау рәсіміне аудан әкімі Әлібек Жақанбаев, аудан әкімінің бірінші орынбасары Айбек Бидаев және  білім бөлімінің басшысы Бәтес Аманова қатысты. Шарада қабілетімен топтан озған Рахат орта мектебінің оқушысы Жанерке Берікке, В.Терешкова атындағы орта  мектептің  оқушысы Айдана Ниязалиеваға, И.Шорманов атындағы орта мектептің оқушысы Гүлнұр Ермаханбетоваға, Қорам орта мектебінің оқушысы Есенгельді Тамириске, Қойшыбек орта мектебінің оқушысы  Аружан Жұмабековаға, Ш.Смағұлов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған физика-математика орта мектеп – интернатың  оқушысы Алқар Мұқатайға «Елбасы медалі» мен  аудан әкімінің алғыс хаты  табысталды. Таланытты жастарды табысымен құттықтаған  Әлібек Әскербекұлы : «Бұл жүлде толғай табыстарыңыздың алды болсын! Сіздердің бойларыңызға патриоттық  және белсенді азаматтық қасиетті сіңіріп тәрбиелеген ата – аналарыңызға алғысым шексіз»,  –  деп ағынан жарылды. Елдің болашақ иелерінің жүрегіне «Елбасы медалі» жобасы асқақ арман ұялатты. Қатысушылар  жоба барысында спорт, кітап оқу, волонтерлық және туристік саяхат сияқты 7 бағыт бойынша өздерін дамытты. Бақ сынаушыларға  тәлімгерлер күнделікті тапсырма беріп, оның орындалуын бақылап отырды. Бұл игі жоба талай  жас ұрпақтың табысты жолына бағыт беретіні сөзсіз.

Пожаловаться
Автор: admin
Прочитали - 116
Распечатать
Комментарии к новости0
Комментировать